Астанада қыркүйекте құны 13 млн доллар тұратын мектеп ашылады
Астанада қазақ-әмiрлiктер орта мектебi ашылады. Бұл туралы Қазақстанның Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiндегі елшiсi Қайрат Лама Шариф мәлімдеді.
Сурет: family-and-i.com
Бұл туралы BNew.kz хабарлайды.
«Биылғы оқу жылында Астанада 900 оқушыға арналған қазақ-әмiрлiктер орта мектебi ашылады”, – деп мәлімдеді Қайрат Лама Шариф жұмы күнгі брифингте.
Ол аталған оқу орны «Әбу Даби плаза» мен «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесi аралығында орналасқанын айтып өтті. Мектеп БАӘ Президентi шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қайырымдылық қорынан бөлінетін 13 млн доллар өтеусiз гранты есебiнен бой көтереді.
Талқылау