Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада колледж студенттері "тарақанмен бірге" киінуге мәжбүр болған

Әлеуметтік желіде Астанадағы колледж студенттерінің тарақандармен бірге киім ауыстыруға мәжбүр болған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Дезслужба.рф

Педагогикалық колледждің студенттері киім ауыстыру бөлмесінде тарақандардың көптігіне шағымданған.

"Студенттер тарақан қаптаған бөлмеде киім ауыстыруға мәжбүр болды. Алты аяқты жәндіктер киімдерде, сөмкелерде және ілгектерде жүрді. Оларды бірнеше рет улағанымен, әлі де ғимаратта өмір сүріп жатыр. Тарақандарға өз бөлмесін беріңіздерші", – деп жазды Telegram-каналдың авторы.

Бұл мәселеге қатысты Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жауап берді.

"14 желтоқсанда жәндіктерге қарсы дезинсекция жүргізілді. Сондықтан еденде уланған, өлген жәндіктер табылуы мүмкін. Дератизация және дезинсекция жұмыстарын жүргізу үшін Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжі мен ТОО Qaz Dez арасында келісімшарт жасалды. Сөйтіп колледжде жәндіктер мен паразиттерден құтылу үшін жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп тұрады", – деп сендірді колледж өкілдері.

Фото: Astanovka98


Қалада тышқандар қаптап жүр: Астана әкімі жағдайды түсіндірді


Еске салайық, бұған дейін Үндістанда ер адам іші ауырсынатынын айтып, дәрігерге шағымданған. Сөйтіп медицина қызметкерлері науқастың аш ішегінен тірі тарақан тапты. 23 жастағы ер адам бірнеше күн бойы іші мен асқазаны ауырып жүргенін айтып, дәрігерге жүгінген. Дәрігерлер науқасты тексерген соң ауырсынудың ешқандай себебін таппаған. Сөйтіп ер адамға эндогастроскопиялық тексеру жасауды ұсынған. Мамандар камерасы бар арнайы түтік арқылы науқастың асқазанын, одан кейін аш ішектің жоғарғы бөліктерін тексерген. Дәрігерлер ішектен тірі тарақанды тапқанда шошып кеткен. Жәндікті тіпті асқазан сөлі де өлтіре алмаған.

Талқылау