Астанада көктайғақ салдарынан 3 автобус жол апатына ұшырады (видео)
Видеодан скрин
Астанада көктайғақ салдарынан қоғамдық көліктердің қатысуымен бірнеше жол апаты тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана полициясының мәліметінше, Iveco маркалы автобустың жүргізушісі Хусейн бен Талал көшесімен келе жатып, тайғақ жолда көлікті басқара алмай, Renault Sandero автокөлігімен соқтығысқан.
“Аталған учаскеде екі автобустың қатысуымен тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алды. Екі жағдайда да зардап шеккендер жоқ”, – делінген полция хабарламасында.
Алматыда әйел жүріп бара жатқан автобустан құлап, омыртқасын сындырып алды (видео)
Астанада автобус апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды
Полиция жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеріп, рөлде барынша мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Еске салсақ, бұған дейін Астана – Қарағанды тасжолы көктайғаққа байланысты жабылғаны туралы жазған едік.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар