Астанада қоқыс полигоны өртеніп жатыр (видео)
Астанада қоқыс полигонынан алапат өрт шықты. Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынды
Жағдайға Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді.
“Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері Астананың Байқоңыр ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағындағы қоқыс өртін сөндіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда Алатау ауданындағы ірі қоймада өрт шыққанын жазғанбыз.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"