Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қоғамдық тәртіпті бұзып, "ұятсыз" сөздер айтқан блогер 15 тәулікке қамалды

арт директор балағат сөз айтқаны үшін қамалдыФото: Видеодан скрин

Астанада 33 жастағы блогерді түнгі клубтағы орынсыз сұрақтары үшін қамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

33 жастағы мейрамхана арт-директоры роликтер жариялап, келушілерге орынсыз сұрақтар қойып, көрерменді сөгіспен және әдепсіз әзілдерімен "қалжыңдаған". Бұл видеолар әлеуметтік желілерде тез таралып, қоғамда наразылық тудырды.

Сот "әзілкешті" қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алды.

Полиция мәлімдегендей, ешқандай қаралымдар мен лайктар әдепсіз әрекетті ақтамайды. Құқық қорғаушылар интернет "ережесіз аймақ" болып есептелмейтінін айтты.


Ақтауда жасөспірім полиция қызметкерін "қоқыс" деп балағаттаған (видео)


"Ақымақсың ба": Балағат сөз айтқан ҚТЖ топ-менеджері қызметінде қалды


Еске салайық, бұған дейін туризм министрлігі блогер Ерболат Жанәбіловтер Instagram-де өткізген көлік ұтыстарын тексеруге алғанын жаздық. Министрлік заңсыз лотереялар мен ұтыс ойындарына қатыспауды ескертті. Жанәбіловқа түсініктеме беруге хабарлама жіберілді, ал егер жауап болмаса, әкімшілік іс қозғалуы мүмкін. Айыппұл мөлшері жеке тұлғаларға 393 мыңнан ірі кәсіпкерлерге 3,9 млн теңгеге дейін жетуі ықтимал. Министрлік азаматтарды ресми емес ұтыс ойындарына қатыспай, сақ болуға шақырады.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 24 Тамыз, 2025 20:13
Талқылау