Астанада қыздың бөксесінен ұстаған алты баланың әкесі 5 тәулікке қамалды
Видеодан скрин
Астанада қыздың бөксесінен ұстаған ер адам 5 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәбірленуші қыз Threads желісінде әкімшілік сот өткенін, оның шешімі бойынша 58 жастағы ер адамға 5 тәулік қамау жазасы тағайындалғанын жазды.
Ариана есімді қыздың айтуынша, ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша кінәлі деп танылып, 5 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ ол сотта ер адамның кешірім сұрағанын, алайда өзінің оған көнбегенін айтты. Қыздың сөзінше, мұндай әрекетке әлдеқайда қатаң жаза тағайындалуы керек.
Жәбірленуші қосымша материалдық шығын өндіріп алуды сұраған, бірақ оған бұл үшін азаматтық сотқа қайта арыз беру керек.
"Эмоциялық тұрғыда қатты зардап шектім, психологиялық тұрғыдан ауыр тиді. Мүмкін тіпті қалпына келу үшін психолог көмегі қажет шығар деп ойлаймын. Әйелдердің қауіпсіздігі үшін атсалыса алғаныма қуаныштымын. Іс бүкіл елге белгілі болып, соңына дейін жеткеніне ризамын. Кез келген мәселеде үндемей отыра беруге болмйтынын көрсете алдым. Әйелдер қауымы, өз қауіпсіздіктеріңізді қадағалаңыздар. Ерлер, құрмет пен парасаттылық танытыңыздар", – деп жазды ол.
Еске салсақ, осыған дейін тағы бір астаналық қыз сауда желісінде ер адамның тосыннан жанына келіп, бөксесін ұстағанын айтқан еді.

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды
