Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада қауіпті инфекция ересектерге "ауысты"

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Астанада ересектер арасында қызылшамен сырқаттанушылық өсіп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бас санитарлық дәрігердің мәліметінше, жыл басынан бері Астанада қызылшаның 1 890 бастапқы және 532 расталған жағдайы тіркелген, оның ішінде 381-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында.

"Желтоқсанмен салыстырғанда 2 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады. Бұл – қосымша жаппай иммундаудың нәтижесі. Алайда ересектер арасында өсім байқалады: көрсеткіш 37,3% өсті", – деді Бейсенова брифинг барысында.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, иммундау мүмкіндігінше тиімді болуы үшін халықты вакцинамен қамту кем дегенде 95 пайыз болуы керек. Тек осы жағдайда аурушаңдық жағдайы тұрақтана бастайды.

"Қызылша– өте жұқпалы ауру, оның ерекшелігі де осында. Сондықтан біз ата-аналарды балаларды қосымша вакциналауға шақырамыз. Қазір адамдар инфекциядан қорқуды тоқтатты және қызылша ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін жасырын ауру екенін түсінбейді. Вирус жөтелу, түшкіру арқылы, науқаспен тығыз байланыста болған кезде таралады. Ауруды тек вакцина арқылы алдын алуға болады", – деп қосты Сархат Бейсенова.

Айта кетейік, ересектер қызылшаға қарсы вакцинаны қай жасқа дейін ала алатынын жазған едік.

Талқылау