Астанада қаланың ортасында Mercedes көлігі түгі қалмай жанып кетті
Астананың Asia Park сауда ойын-сауық орталығы жанында Mercedes-Benz көлігі жанып кетті.
Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. «Астана қаласы ТЖД-ға 4 қаңтар күні сағат 23:22 Қабанбай батыр даңғылы бойындағы сауда ойын сауық орталығының жанында Mercedes-Benz E 320 маркалы көліктің жанып жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті. Өрт сағат 23:31-де сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ», – деді Руслан Иманқұлов.
Көлік өртін сөндіруге елорданың ТЖ қызметінің 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”