Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада кафе қызметкерлері келушілерге есірткі сатып келген

Астанадағы кафелердің біріндегі қызметкерлер келушілерге марихуана сатып келген. Қазір есірткі саудасымен айналысқан қос күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

fea90dc0adc3991b8a19e4e68324cdc6_lge318da

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Жалпы прокурорлардың айтуынша, елордада есірткі саудасымен айналысатындар көп. Ведомство қызметкерлерін алаңдататын да осы мәселе. Олар одан өзге, қаланың қылмыс көп жасалатын «Сарыарқа» ауданында құны шамамен 36 миллион теңге болатын 10 келіге жуық есірткіні сақтап келген қылмыскерлерді құрықтапты.

Тілшілерге жасалған жұмыстар туралы бөлім прокуроры мәлімдеп жатыр. Олар жақында ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан екі ағайындыны тұтқындаған. Тиісті жазаларын да алды. Енді өмірлерінің 12 жылын түрмеде өткізеді.

«Қазіргі таңда Астана қаласында 2 күдік азамат ұсталды. Яғни, есірткіні заңсыз сатумен айналысқан. ҚР ҚК 297 бабында көрсетілгендей, есірткінің салмағы 8 келі 800 граммен ұсталды. Қазіргі таңда сот шешімімен 2 азаматтың біреуіне 11 жыл, екіншісіне 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді Сарыарқа аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Айдос Омаров.

Прокурордың сөзінше, елордада есірткіні кез келген жерде алуға болады. Қиындық туғызатыны да осы мәселе. Ал қалалық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, көңіл көтеретін орындардың бірінде қызметкерлер сол кафеде марихуана сатып келген. Тәртіп сақшылары екі қызметкерді тінту барысында есірткі тәркілепті. Қазір сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

«Екі адам 31 жастағы және 52 жастағы кафенің қызметкерлері. Жұмыс орнын тінту барысында есірткі заты және оны шегетін қондырғы анықталып, тәркіленді», – деді ІІД ресми өкілі София Қылышбекова.

Айта кетейік, есірткіні сақтау мен пайдаланғаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу шарасы қарастырылған.

Тағы да оқыңыз:

Еліміздегі 57 мектепте Таиландтың білім беру бағдарламасы пайдаланылмақ

Экологтар: Елімізде сатылып жатқан жұмыртқалар қатерлі дерт пен бедеулікке шалдықтырады

Шымкент тұрғыны жергілікті депутатты парақор деп айыптап видеоүндеу жазды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр