Шымкент тұрғыны жергілікті депутатты парақор деп айыптап видеоүндеу жазды

Жұма, 14 Сәуір , 2017 10:47

Шымкент тұрғыны жергілікті мәслихат депутаты әрі жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекованы парақор деп айыптады. Көп жыл Құрманбекованың жүргізушісі болған Әлішер Тұрсынқұлов бұл мәлімдемесін видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды КТК.

75_main

Бейнежазба авторы бұрынғы басшысының қылмыстарын тізбектей келе, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен отбасын қорғауды сұрап отыр.

Мына видеодағы Әлішер Тұрсынқұлов Шымкент қалалық мәслихатының дептутаты Гүлнар Құрманбекованың 16 жыл жүргізушісі болыпты. Енді осыншама уақыт бойы бастығына пара тасығанын ашық айтып отыр. Әсіресе ауызбастырық бергендерді жұмысқа алу жүйелі түрде жүргізілді дейді ол.

“Олардың ішінде фельдшер 550 мың теңге, жүргізуші 550 мың теңге, санитардан 250 мың теңге алғанбыз. Адамдардың саны 50-ге жақындап қалады. Сол ақшаны мен алып, 90 процентін Гүлнар Мамытқызына бердім.  Өйткені мен сенімге кірген адаммын. Жұрттың бәрі біледі”, – дейді Шымкент қаласының тұрғыны Әлішер Тұрсынқұлов.

Видеода айтылғандарға сенсек, дәрігер-депутаттың жоспарын Денсаулық басқармасы басшысының ауысып кетуі бұзған. Ал ақшасын беріп қойғандар шу көтере бастаған соң, Құрманбекова бүкіл қарызды мойныма іліп, өзімді жұмыстан босатты дейді видеоүндеу авторы.

Барлығы өтірік, жала!

Ал бас дәрігер осылай ақталды. Айтуынша, ақшаны Тұрсынқұловтың өзі алған. Бірақ қамаламын деп қорыққан ол бәрін маған сілтеп, телефоныма хат жазып қорқытты дейді Құрманбекова.

“Бізде конкурстық комиссия бар.Кадрды солар іріктейді. Тәжірибесіне біліктілігіне қарап қабылдайды”, – дейді Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова.

Тілшілер видеоүндеу авторы Әлішер Тұрсынқұловты іздеп үйіне барды. Бірақ ол жерден ешкім табылмады. Көршілері бұл үйдегілердің бір аптадан бері жоқ екенін айтады.

Гүлнар Құрманбекованың туған әпкесі Шымкент қаласы әкімінің орынбасары екенін, ал баласының жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода жұмыс істейтінін алға тартқан Әлішер құзырлы органдарға шағым түсіруге қорқады екен. Өйткені одан алдандым деп полицияға 3 адам арыз түсіріпті. Енді бұған дәрігер-депутаттың жала жапты деген шағымы қосылмақ. Сондықтан тек  басшының қолшоқпары болдым деген жүргізушінің жалғыз өзі ғана тұтылуы әбден мүмкін.

Тағы да оқыңыз:

Ақтаулық әйелді 11 жерінен жарақаттаған кәріс дәрігері одан кешірім де сұрамаған

Мен әкімдіктенмін: Алматылық қыз жол ережесін өрескел бұзуына сылтау тапты

Анасы 15 жыл бұрын жоғалып кеткен қызын YouTube арқылы тапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар