Анасы 15 жыл бұрын жоғалып кеткен қызын YouTube арқылы тапты

Жұма, 14 Сәуір , 2017 7:21

Қытайлық Шаньдун провинциясының тұрғыны YouTube ролигінен үйінен 15 жыл бұрын қашып кеткен қызын көрген.

xw_1394236

Оның саусақтары мен аяқтарының тізеден төмен кесілгенін көрген әйел қатты шошынады. Анасының айтуынша, үйден қашып кеткенге дейін Му Куикуидің дені сау, аяқ қолдары бүтін болған, деп жазады South China Morning Post. Есімі аталмай отырған әйел Желідегі роликтен Гуйчжоу провинциясындағы Зунъи қаласының алаңында мүгедек қыздың ән салып отырғанын көреді.

Анасы қызын даусынан таныған. Айтуынша, ол үйден кеткенге дейін вокалдан сабақ алған көрінеді. Му Куикуи қашып кеткенге дейін Шаньдун провинциясындағы Гуанрао округінде тоқыма фабрикасында еңбек еткен. Қытайлық қыздың үйінен не себепті кеткені нақтыланбай отыр. Осы жылдар ішінде одан ешқандай хабар болмаған. Му Куикуидің анасының пайымдауынша, жұрттың жаны ашып ақша беруі үшін біреулер қызын әдейі мүгедек етуі мүмкін. Әйел Weibo әлеуметтік желісін пайдаланушылардан қызын табуға көмектесуді сұрайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар