Астанада ер адам көлікті ұрлап, жол апатына түсті: Ол оқиға орнында мерт болды
Астанада ер адам Subaru көлігін ұрлап, жол апатына ұшырап, көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Апат 18 сәуір күні Астанада болған. Subaru жүргізушісі Тілендиев даңғылынан кейін рөлді басқара алмай, ілеспе бағытта келе жатқан HOWO жүк көлігімен соқтығысты.
Апат салдарынан Subaru жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында мерт болды. Тексеру барысында Subaru ұрланғаны анықталды.
"Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚІЖК 201-бабының негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", – деп хабарлады ІІМ.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”