Астанада ер адам ұрыстан кейін әйелді жүк салғышқа салып тасымалдаған

Видеодан скриншот
Астанада әйелді көліктің жүк салғышында тасымалдаған ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астаналық куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, желіде жариялады. Онда ер адам жүксалғышта жатқан әйелмен сөйлесіп тұрады. Сосын жүксалғышты тарс жауып, көлікке мініп, кетіп қалады.
"Аулада ұрысып тұрды, әйел жүксалғышқа өзі мініп алған", – делінген видеоның астында.
Оқиға Астананың Сарыарқа ауданында 14 шілдеде болған.
Елордалық Сарыарқа аудандық полиция бөлімі құқықбұзушының осы факті бойынша жауапқа тартылғанын хабарлады.
"Осы құқықбұзушылықты жасағаны үшін сот әкімшілік жаза тағайындады. Қазір құқықбұзушы Астана қалалық полиция департаментінің әкімшілік қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полицейлер.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген