Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Терезенің москитті торына сүйенген екі жасар бала 5-қабаттан құлап кетті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

ррр

Балаға бірден медициналық көмек көрсетілген. Ауыр жарақат алған бала медициналық мекемеге жеткізіліпті.

Былтырғы жылы Астана қаласында балалардың биіктіктен құлап кетуі бойынша 16 жағдай тіркелген екен.

“Астана полициясы ата-аналарды мұқият болуға, балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады”, – деп үндеу тастады Астана ішкі істер департаменті.

Бұл бүгін Астана қаласында тіркеліп отырған биіктіктен құлап кету бойынша үшінші оқиға. Бұған дейін 20 жастағы қыз 21-қабаттан құлап мерт болса, 17 жастағы қыз 15-қабаттан құлап ауруханаға жеткізілген. Жасанды тыныс алу аппаратына жалғанған қыз қазір ауыр халде жатыр.

Оқи отырыңыз:

Алматыда көлік сауда үйінің алдында ер адамды қағып өлтірді

Оралда қыз бен жігіт ұрлап алған көліктерімен жол апатына түсті

Алматыда 16 жастағы қыз полициядан қашамын деп жол апатына түсті

Атырауда сырахана қонағы күзетшіні атып кеткен

Талқылау