Астанада блогер жігіт алаяқтарға алданған қыздың ақшасын қайтаруға көмектесті
Астанада блогер жігіт алаяқтарға алданған қыздың ақшасын қайтаруға көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Алаяқтар туралы видео әлеуметтік желіде тараған.
“Бастапқыда мен ол жерге келген кезде сұлулық салоны екен деп ойладым. Макияж жасап, фотосессия жасаймын деп ойлағанмын. Сөйтсем ол жер косметолог қызметін ұсынды. Бірден келісім шартқа қол қойғызып, терімді тексерді. Артынша терімде әртүрлі сырқаттар бар екендігін айтты. 23 жаста болсам да терім 30 жастағы әйелдікі сияқты деді. Емімді 2 млн теңгеге шығады деді. Мен бетімді емдетемін деп те ойламағанмын”, – дейді алданған қыз.
Алайда қызға алдап 400 мың теңгеге арнайы өнім сатқан. Артынша ол алған тауарын кері қайтармақ болған. Дегенмен қыздың бұл сұранысын компания қанағаттандырмаған көрінеді.
Астаналық блогер зардап шеккен қызбен бірге барып ақшасын кері қайтаруға көмектескен.
“Не себепті сіздер бірден ақшаны кері қайтаряп бермедіңіздер? Неге клиент ақшасын кері қайтару үшін қандайда бір бастықты күтуі керек? Неге тауарды кері қайтарамын деп тұрған сатып алушыны ойынан айнытуға күш салдыңыздар?” – дейді блогер жариялаған видеода.
Блогер компания қызметкерлеріне заңға қайшы әрекет жасап жатқандарын айтып жүгінген және қыздың ақшасын қайтаруға көмектескен.