Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады

Тоқаев пен Си Цзиньпин Қазақстанның Бейжіңдегі және Қытайдың Астанадағы мәдени орталықтарын салтанатты түрде ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Бұл орталықтар екі мемлекеттің гуманитарлық ынтымақтастығын дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады. Сондай-ақ достас екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған түрлі мәдени шаралар, көрмелер, дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізуге арналған алаңға айналмақ.

Екі ел басшысы Астана халықаралық университетінің базасында Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалын ашты. 

“Мұны айтулы оқиға деуге болады. Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы студенттердің терең білім алуына және кәсіби тұрғыда өсуіне зор мүмкіндік береді және олардың тілдік дағдыларды, мәдениетаралық коммуникацияны және ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруіне ықпал етеді. Бұл жобалардың табысты жүзеге асырылуы мәдениет және білім салаларындағы өзара алмасуларды жандандыру, екі ел арасындағы саяси және экономикалық қатынастарды дамыту жолындағы маңызды қадам болмақ.”, – деп жазды Ақорда. 



Еліміздің ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл Бейжің Тіл және мәдениет университетінің филиалында 100 студент оқуға тиіс екенін айтты.

“Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, аса құрметті Си Цзиньпин, Астана халықаралық университетінің негізінде атақты Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылмақ. Биыл алғашқы 100 студентіміз оқуын бастайды. Филиалды ашуға дайынбыз. Қазақстанның Бейжің қаласында Қытай Халық Республикасының Астанадағы мәдени орталықты салтанатты түрде ашуға рұқсат етіңіз”, – деді Саясат Нұрбек Ақордада.

Бұған дейін Қазақстанда үш бірдей шетелдік университеттің филиалы ашылатыны туралы жазған едік.

Талқылау