Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада автобус жол апатына ұшырады

Астанада Тұран мен Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында автобус жол апатына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: telegram/astanovka98

Қалалық жол полициясының мәліметінше, Ravon Nexia көлігінің 22 жастағы жүргізушісі жолда апатты жағдай туғызып, салдарынан "Голаз 5241110" (автобус) көлігінің жүргізушісі бейнебақылау камерасының тірегіне соқтығысқан.

"Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.

Ravon Nexia жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі "Көлiк құралдары жүргізушілерінің адам денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік іс қозғалған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында олимпиадаға бара жатқан мұғалім мен екі оқушының жол апатынан қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. 

Талқылау