Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Амангелді Имановтың құрметіне көрме ашылды

Астанада Мәдениет және спорт Министрлігінің ұйымдастырумен Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай "Халық батыры" атты көрме өтуде. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс-шарада Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған 1916 жылға қатысты фотосуреттер мен құжаттар, батырдың жеке заттары қойылған. Сондай-ақ Амангелді образын сомдауға зор үлес қосқан Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің, бейнелеу өнерінің шеберлері Баки Урманче, Нағымбек Нұрмұхамедовтің кескіндеме туындылары, Қазақстанның халық суретшісі, мүсіші Хәкімжан Наурызбаевтың және украиналық суретші Ефим Белостоцкийдің мүсіндік туындылары да ұсынылды.

Көрме ашылуында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалиев, министрлік өкілі Нұрғиса Дәуешев, Парламент Сенатының депутаты Ғауез Нұрмұхамбетов, Парламент Мәжілісінің депутаты Еркін Әбіл және батырдың тікелей ұрпағы Батырұлан Рамазанұлы Амангелдинов сөз сөйледі.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 03 Сәуір, 2023 07:05
Талқылау