Астанада алғашқы қар жауды (видео)

скриншот видео threads.com/@nurs.9606
29 қыркүйекте Қазақстан астанасында алғашқы қар түсті. Ауа температурасы + 2° C-қа дейін төмендеді, ал түнде синоптиктердің болжамынша -2° C-қа дейін үсік жүреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қала тұрғындары әлеуметтік желілерге жариялаған видеоларда қардың қатты жаумағаны, қар түйіршіктерінің жаңбырмен араласып жауғаны көрінеді.
Қар тез еріп кеткеніне қарамастан, бұл жаңалық қызу талқыға түсті.
"Алғашқы қар! Қыс жақындап қалды", "Кеше ғана футболкамен жүргенбіз, бүгін қар жауды","Тек аяз бен көктайғақ болмаса екен"деп таңданысын білдірді астаналықтар.

Елордада таңертеңнен бері ауа температурасы + 2° C болып тұр. Gismeteo мәліметінше, ауа температурасы тағы төмендейді, түнде -2° C-қа дейін аяз болжанған.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа райы суық және жаңбырлы болады. Ал келесі аптада қар аралас жаңбыр жауады. Аптаның соңына қарай күндізгі ауа температурасы + 9° C-тан көтерілмейді.
Қала тұрғындары таңертеңнен бастап жылы киімге көшкен. Олар көшелерде пальто, жылы күртеше және баскиім киіп жүр.
Қостанайда күз күтпеген жерден қысқа айналды. 29 қыркүйекте солтүстікке қар түсті. Тұрғындар алғаш жауған қардың фото-видеосын бөлісті.
Айта кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда ауа райы күрт суитынын ескерткен.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік