Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада алаяқ әйел бөтен біреудің дәмханасын сатып жіберген

Астана тұрғыны жарнама арқылы ер адамға бөтен біреудің дәмханасын сатып жіберген. Бұл туралы қалалық сотқа сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.

Ер адам сайттан дәмхананың сатылатыны туралы жарнаманы көрген. Онда көрсетілген нөмірге хабарласып, кездескен. Кездесу кезінде ол алаяқ әйелге алдын ала төлем ретінде 1 млн 250 мың теңге береді.

«Кейін ол дәмхананың үшінші тұлғаға тиесілі екенін, әйелдің оны сатуға құқығы жоқ екенін біліп қалады да, дереу оған хабарласады. Бірақ әйел оған ақшаны қайтарудан бас тартады», – деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Ер адам өзін алдап кеткен әйелдің үстінен сотқа шағым түсірді. Алматы аудандық соты оның талабын қанағаттандырып, қаржыны қайтаруға шешім шығарды. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Тағы оқыңыз:

Шахматшы Бибісараның анасы: баланы психологқа көрсетуге тура келді

Жыныс мүшесінен айырылған азамат туралы құпия ақпаратты кім таратты

«Сезам» театрының басшысы Біләлге ақшаны қалай бергенін айтты

Астанада жігітінің жыныс мүшесін кесіп алған әйелдің хиджаб киетіні белгілі болды

Талқылау