Астанада 6 жастағы бала қызды пышақпен қорқытқан (видео)
Әлеуметтік желіде Астанадағы балалар алаңында түсірілген видео тарады. Кадрларда 6 жастағы баланың қолында асүй пышағы бар, ол оны үлкенірек қызға қарай бағыттап тұрғаны байқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға балалар алаңында болған. Бала қызбен футбол ойнаған кезде дау туғанын айтып, ашуланғанын жеткізеді. Оның ойынша қыз футболды “әділ ойнамаған”. Қасында тұрған өзге балалар оны сабырға шақырып, пышақты қоюын сұрайды. Видео соңында балалардың бірі түсіріп жатқанын байқап, "түсіруді тоқтат!" деп камераны жабуға тырысады. Оқиғаға байланысты Астана қаласы полиция департаменті түсініктеме берді.
"Аталған жағдай бойынша 6 жасар баламен заңды өкілдерінің қатысуымен түсіндірме әңгіме жүргізілді. Мұндай фактілерге жол бермеу, қауіпсіздік шараларын сақтау және қоғамдық тәртіпті ұстану керектігі ескертілді. Сонымен қатар баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндетін орындамағаны үшін заңды өкіліне әкімшілік жаза қолданылды", – делінген полиция хабарламасында.

Әкімдік қаладағы ескі брусчаткалардың мұқтаж отбасыға берілгенін айтты: Алайда Боқаев төсеуіштің жеке қолға сатылып жатқанын түсіріп алған (видео)
