Астанада 5-ші қабаттың терезесінен құлап кеткен төрт жасар бала аман қалды
Астанада 15 маусым күні қараусыз қалған 4 жастағы бала 5-ші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Баланы терезеге құрылған тор да құтқарып қала алмаған. Жарақат алған бала дереу ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитеті хабарлап отыр.
Сурет infosmi.net
Дәл осы күні Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Қарағаш ауылында жалғыз қалған бала ауладағы су толы тоғанға түсіп кеткен.
Ал 14 маусым күні Батыс Қазақстан облысы, Есентай ауылында суға жүзу кезінде 13 жасар бала Орал өзеніне батып кеткен. Оның денесін төтенше жағдайлар қызметкерлері тапқан.
“Қайғылы жағдайлар ата-аналарының жауапсыздығынан болып жатыр. Төтенше жағдайлар комитеті барлық ата-ананы балаларды қараусыз қалдырмай, мұқият болуға шақырады. Кішкентай балалар қауіп деңгейін бағамдап аңғара алмайды. Сол себепті оны кез-келген сәтте қараусыз қалдырып кету, қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін,” – дейді құтқарушылар.
Талқылау