Астанада 26 жастағы әйел алты баланың анасы атанып, "Күміс алқаға" ие болды
Видеодан скрин
Астанада 26 жастағы Бибінұр Төлегенқызы алты баланы дүниеге әкелгені үшін “Күміс алқа” иегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көпбалалы ана қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісті.
“18 жасымда тұрмысқа шықтым, 8 жылдан бері декреттемін. Үш балам балабақшаға барады, екеуі мектепке кетеді – енді өзім үшін өмір сүруді бастадым. Ал менің кей қатарластырымда әлі мұның ешқайсысы жоқ”, – деп жазды жас ана.
Қазір Бибінұрдың алты баласы бар, олардың арасында егіздер де бар екен. Екі үлкені мектепке барса, үш баласы балабақшада, ал ең кенжесі әзірге анасының жанында.
Желідегі жазбасына қалдырылған пікірлерде бойжеткен неге ерте тұрмысқа шыққаны туралы сұрақтарға да жауап берді.
“Маған 18 жаста қайда асықтың, неге саяхаттамадың, неге жұмыс істемедің деп сұрақ қоятындар бар. Айтарым – өмірімнің бәрі әлі алда. Әр нәрсенің өз уақыты бар”, – дейді жас ана.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында 38 жастағы келіншек бес ұлдан кейін үшемді дүниеге әкелгені туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген