Астанада 15-қабаттан секіріп кеткен қызға қан керек болып жатыр
Бүгін Астананың сол жағалауында тұрғын үйдің 15-ші қабатынан секіріп кеткен Людмила Спирина есін жиды.
Бұл туралы Baq.kz тілшісіне отбасының жақын досы хабарлады. Қазір туысқандары қызға қан керек екенін айтып, көмек сұрап жатыр.
Он жеті жасар қыз аса ауыр хәлде анестезиология және жансақтау бөлімінде жатыр. Қыз жабық түрдегі бассүйек ми жарақаты, бассүйек миының зақымы, беломыртқасы сынған, кеуде қуысы сынған, ішіне зақым келген, оң жақ пневмоторикасы және екінші дәрежелі травматикалық шок алған.
«Людмила есін жиды. Басқа ештеңе айта алмаймыз. Көп қан жоғалтты, сондықтан оған қан керек. Көмектесулеріңізді сұраймыз», – дейді қыздың отбасының жақын досы.
Естеріңізге салып өтсек, бүгін Мәңгілік ел мен Сарайшық көшелерінің қиылысындағы тұрғын үйден 2000 жылғы қыз секіріп кетті. Әзірге бойжеткеннің 15-қабатан неге секіргені белгісіз. Істің мән-жайы анықталып жатыр.
Қазір Людмила Астанадағы Травматология ҒЗИ-де жатыр. Оған қан керек. Қан тапсырамын деушілер Қан орталығына барып тапсыруларына болады.
Қосымша сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8701 818 15 99
Ол бұған дейін хабарланғандай, әртүрлі деректерге сәйкес, бойжеткен Министрліктер үйіне қарама қарсы орналасқан “Новый мир” тұрғын үй кешенінің 15-қабатынан құлаған.
Сондай-ақ, бір күн бұрын Астанада тағы бір жас қыздың 21-қабаттан құлап кеткені туралы хабар таратылған болатын. Оның денесі 4 мамыр күні Бауыржан Момышұлы даңғылы бойынан табылыпты.