Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Астана уақыты бір сағат артқа жылжиды": Депутат Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне қашан көшетінін айтты

Депутат үкіметтің келесі жылдың басында Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл уақытты есептеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының өз ұсынысын үкіметке жолдағанын айтты. 

"Қазір бұл мәселені үкімет қарастырып жатыр, бұл мәселе ұкіметтің құзыретінде. Үкімет арнайы қаулы шығарады, күтуіміз керек. Менің ойымша, бұл шешім жаңа жылдан кейін қабылданады. Мен нақты уақытты айта алмаймын, өйткені бұл мәселе біздің құзырымызда емес", – деді депутат.

Өз кезегінде сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев соңғы шешім қабылданғанға дейін жоба азаматтар арасында ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланатынын айтты. Оның айтуынша, бұл мәселеге қатысты әрбір қазақстандық өз ойын білдіре алады.

Депутат Еркін Әбіл Астана, Алматы, Шымкент, Қостанай және басқа да облыстарда сағат тілі бір сағатқа артқа жылжитынын атап өтті.

"Нәтижесінде біз бір сағаттан кейін, күн жарық болатын кезде оянамыз. Біз батыс облыстарға тиіспейміз, солай қалады, тек еліміздің шығыс бөлігі бір сағатқа артқа жылжиды. Жергілікті әкімдіктер жұмыс уақытын реттейтін болады", – деді депутат.

Ол сондай-ақ Қазақстанды бірыңғай уақыт белдеуіне ауыстыру туралы шешім қабылдаудың себептері туралы айтты. 

"Бірінші себеп – экономикалық. Екі уақыт белдеуі белгілі бір қолайсыздықты тудырады. Бұл көлік-логистикалық мәселелер. Банк мәселелері: батыста банк күні бір сағат бұрын аяқталады. Басқару мәселелері – батыста жұмыс күні әлі басталмаған кезде, Астанада жұмыс уақытының басталғанына бір сағат болып қалады. Ал, керісінше, батыста әлі жұмыс уақыты болса, Астанада жұмыс күні бітіп жатады. Пойыз бен ұшақ кестесі, ЖІӨ-де айтарлықтай шығын жиналады", – деді Еркін Әбіл.

Тағы бір мәселе – азаматтардың денсаулығы. Мәжілісменнің айтуынша, ғалымдар арасында ортақ пікір бар – қоғам шынайы уақытқа неғұрлым жақын өмір сүрсе, денсаулыққа соғұрлым жақсы.

Талқылау