Астана төрінде “ЭКСПО-2017” көрмесі салтанатты түрде ашылды (видео)
Қазақ елі демін ішіне тартып, тағатсыз күткен ЕХРО-2017 көрмесі ашылды. Сарыарқаның төрінде 19 мемлекет басшысының қатысуымен көрменің ресми ашылу салтанаты өтті.
Фото: ҚазАқпарат
Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды.
Көркі көз тартар ЕХРО қалашығына ең бірінші болып Чехия Республикасының Президенті Милош Земан өзінің жұбайы Ивана Земановамен бірге келді. Артынша Люксембург, Қырғызстан, Армения, Өзбекстан және басқа да мемлекеттердің басшылары ат басын бұрды. Мәртебелі меймандарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарсы алды.
Бес жыл бойы бүкіл қазақ елі күткен «Астана ЭКСПО-2017» – қай елде өтсе де танымалдылығы жағынан ең ауқымды шаралармен тең тұратын маңызды оқиға. Мұнда тек ғалымдар мен мемлекет басшылары ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылады. ЕХРО-2017 кешенінде 155 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымның павильондары жайғасқан. Үш айдың ішінде маңызды шараны тамашалауға 5 млн адам келеді деп жоспарланып отыр.
Мәртебелі меймандар Конгресс-орталығында өткен театрландырылған қойылымды тамашалады. Инновациялық шоу ғарыш, күн, жел мен судан алатын жасыл энергияның маңыздылығын паш етті.
Ұйымдастырушылардың мұндай идеяны бейнелеуі бекер емес. Өйткені Астанада өтіп жатқан ЕХРО-ның тақырыбы – «Болашақтың энергиясы». Шара барысында Қазақстанның Мемлекеттік туы мен Халықаралық бюролар көрмесінің туы шығарылып, еліміздің және бұл ұйымның әнұрандары орындалды. Содан кейін ЕХРО-ға қатысатын 115 мемлекеттің және 22 халықаралық ұйымның байрақтары сахнаның ортасынан орын тапты.
Оқи отырыңыз:
Назарбаев Астанада “Ритц-Карлтон” қонақ үйін “ашты”
Қазақстан мен Қытай бірлесіп кино түсіреді
Нығматулин бюджет ақшасын оңды-солды шашатын министрлерге ұрсып тастады