Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Астанада “Ритц-Карлтон” қонақ үйін “ашты”

Елбасы Астанада бес жұлдызды алғашқы халықаралық премиум-класты қонақ үйдің ашылу рәсіміне қатысты. Қонақ үй Talan Towers көпфункционалды кешенінің ғимаратында орналасқан.

2f2260440e27faa82b5bd9923b5c24c1

Бұл туралы Stan.kz Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрсұлтан Назарбаев астаналықтарды, инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды қонақ үйдің ашылуымен құттықтады.

“ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесі қарсаңында елорда тұрғындарына тағы бір сыйлық жасалды. Бұл  –  әлемдік деңгейдегі “Ритц-Карлтон” қонақ үйі. Оның құрылысына сапалы технологиялар мен стандарттар қолданылып, қысқа мерзім ішінде бой көтерді. Бұл – қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция”, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Астананың жоғары деңгейлі қонақ үй кешеніне ие болғанын атап өтті. “Қонақ үй құрылысына Қазақстанның компаниялары қатысты. Жаңа ғимаратта ең жоғары дейгейдегі іс-шараларды өткізіп, жоғары мәртебелі меймандарды қабылдауға қажетті барлық инфрақұрылым бар”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Астананың сол жағалауындағы Talan Towers кешенінің жалпы алаңы – 120 мың шаршы метр. Онда Talan Towers Offices, “Ритц-Карлтон” қонақ үйі, SPA орталығы, бизнес орталығы және “Emporium” сауда галереясы орналасқан.


Жіберіп алмаңыз:

Желіде ҚР рәміздері бекітілген күні түсірілген видео пайда болды

Төсек тартып қалған қостанайлықтың үйін көршілері тонап кеткен

Қазақстандықтарға порнографиялық видеолар қарауға тыйым салына ма?

Казкоммерцбанкті сату туралы келісімге қол қойылды

Талқылау