Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана студенттерін хостелге орналастыруы мүмкін

Астана әкімі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданы одан әрі дамыту отырысында есеп берді. Қала әкімі Әсет Исекешев елордалық студенттер жұлдызсыз қонақ үйлер мен хостелдерге орналастырылуы мүмкін екенін айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан -ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Қазіргі уақытта қалада салыстырмалы шығындармен студенттерге МЖС үлгісінде (мемлекеттік-жеке меншік серіктестік) қызмет көрсете алатын, тоғыз мыңға жуық төсек қоры бар 100-ден астам жұлдызсыз қонақ үйлер мен хостелдер бар. Бұл ақша мен уақытты үнемдейді. Біз тиісті ұсынысты Білім және ғылым министрлігіне ұсынбақшымыз», – деді  Исекешев Астананы одан әрі көркейту туралы кездесуде.

Әкімнің сөзіне қарағанда, қаланың төрт негізгі университеттерінде 9 750 студенттің жатақханаға мұқтаж екені анықталды.

«Жатақханалар салу бағдарламасына қатысу керек», – деді Назарбаев әкімнің сөзін бөліп.

Қала әкімі қаладағы 35 колледжде 26 мың студент білім алатынын айтты. 1800 студент жатақханамен қамтамасыз етілген, оның 11-і жеке, 9-ы мемлекеттік. Басқа 2,100 төсекке қажеттілік бар.

Естеріңізге сала кетейік, 5 әлеуметтік бастаманың аясында Қазақстан Президенті 2022 жылдың соңына дейін студенттік жатақханаларға жаңа 75 мың орынды енгізуді тапсырды.

Оқи отырыңыз:

Астана әкімі халықты қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз ететінін айтты

Ермек Тұрсыновтың фильмінде басты рөлді сомдаған балаға шұғыл көмек қажет

Қайтыс болғаннан кейін трансплантациялау үшін ағзаларды қалай беруге болады

Бір көзінен айырылған Римманың анасы қазақстандықтардан көмек сұрады

Талқылау