Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Астана соты қызын ұрып-соққан Бас прокуратура қызметкерінің әйелін жазаға тартты

Астананың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызы Аяла Маматаеваны көшеде ұрып-соққаны үшін Бас прокуратура қызметкері Қадыржан Маматаевтың әйелі Алмагүл Маматаеваны жазалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сотта баланың соққыға жығылғаны бейнежазба арқылы расталды. Сот ананың әрекетін жөн-жосықсыз және жас баланың дамуына зиянды деп таныды. Заң бойынша ата-ана баланың физикалық, психикалық және моральдық қалыптасуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға міндетті. Сот баланың анасын баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін кінәлі деп таныды (ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігі), өйткені оның әрекетінде тәрбиенің заңсыз әдістері көрсетілген. ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігінің санкциясында 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза қарастырылған. Сот анасына ең жоғары баламалы емес жаза – 10 АЕК көлемінде айыппұл салды",  – делінген соттың мәлімдемесінде.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.



"Полиция бөлімінің ұсынымына сәйкес, баланың анасы М. қызының басын көлікке соққан. Сот анықтағандай, баланың анасы оны көшеге жалаңаяқ, сырт киімсіз, спорттық формамен алып шығып, қызын жақын жерде тұрған көлікке ұрып отырғызған. Сотта баланың анасы қызының басын көлікке соққаны бойынша кінәсін мойындамай, тек қызды көлікке отырғызып, есікті жаппақ болғанын түсіндірді. Сол уақытта қызы отырудан бас тартып, шынтағымен көлікке соғылған", – деп түсіндірді сотта.

Оқиғаның видеосы бұған дейін желіде тарап, көпшіліктің талқысына түскен еді. Әйел – Бас прокуратура қызметкерінің әйелі, ал видеодағы бала олардың қызы екені болған.

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 01 Қараша, 2022 17:49
Талқылау