Астаналық әйел көшеде қызын аямай ұрған: Оған 45 мың теңге айыппұл салынды
Астанада анасының өз қызын жұлқылап, басын көлікке ұрғаны түскен видео желіде таралды. Оқиға бойынша ішкі істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде таралған видеода әйелдің жеткіншек қызды жұлқылап сүйреп, көлікке басын ұрып жатқаны байқалады.
Оқиға Астана қаласындағы Алматы ауданында орын алған.
"Әлеуметтік желілерде жүргізілген мониторинг кезінде белгісіз әйелдің кәмелетке толмаған қыздың денесіне зақым келтіргені түсірілген видеосы анықталды. Тексеру барысында 52 жастағы әйел мен оның 10 жасар баласы анықталды. Оқиғаға баланың жаттығу залынан кетпей қоюы себеп болған", – делінген ІІМ хабарламасында.
Қазіргі таңда әйелдің үстінен Әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу немесе оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша іс қозғалып, оған 45 мың теңге айыппұл салынған.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"