Астана полициясы енді электрокарға мінетін болды (фото)
Астана полициясы қолданатын транспорт қатарына ерекше автокөлік қосылды. Бұл екі адамға лайықталған электрокар. Екі тәртіп сақшысы енді осы көлікпен орталық саябақ аумағындағы қауіпсіздікті бақылайды.
Бұл туралы koleso.kz хабарлайды.
Гольф-карды алғаш рет тұрғындар бір апта бұрын байқаған. Алайда бұл көліктің ресми таныстырылымы әлі болмады. Бұл жайлы қалалық ІІД баспасөз қызметі де ақпарат тарата қоймады. Мұндай ерекше транспорт “ЭКСПО” аумағын ғана бақылайтын болуы да мүмкін екен.
Полицейлердің электромобильді көлігін қаладағы бір ғимарат саябағы әкімшілігі жанынан байқау мүмкін болды.
Бұл астаналық полицейлердің қалыптан тыс көлікке бірінші рет отыруы емес екен. Бұған дейін 2014 жылы тәртіп сақшылары велосипедке отырып қызмет еткен еді.
Талқылау

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды
2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грантын 77 мыңнан астам талапкер жеңіп алған еді

Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
Кей ата-аналар мұндай жағдайдың бұрын да болғанын айтты