Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана полициясы Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғанын жоққа шығарды

перизат қайрат тергеу изоляторында

Видеодан скриншот

Полиция Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны туралы шағымын жоққа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

9 маусымда Перизат Қайрат прокуратура органдарына арыз түсіріп, мекеме қызметкері камера есігін күштеп жапқан кезде оны есік арасына қысып, дене жарақатын келтіргенін мәлімдеген.

Аталған арыз бойынша жинақталған материалдар Астана қаласы полиция департаментіне жолданып, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.


Перизат Қайратқа қатысты сот ішінара жабық режимде өтеді


Тергеу аясында мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерделеніп, қызметкерлер мен куәлардан жауап алынды. Полиция видеоларды желіге бөлісті. Ол 6 маусымдағы бейнебақылау камерасының жазбасы екен.

“Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған Перизат Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр”, – делінген хабарламада.

Қазір қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды.

Еске салсақ, Перизат Қайрат тергеу изоляторында соққыға жығылғанын айтып, көзіне жас алған еді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 10 Шілде, 2025 11:31
Талқылау