Астана маңындағы жол апаты кезінде 15 көлік соқтығысып қалды
2 қаңтар күні Щучье-Астана бағытындағы тас жолда, Жасыл ауылының маңында сағат 16:00 шамасында ірі жол апаты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жол-көлік оқиғасына ауа райының қолайсыздығы себеп болған. Нәтижесінде 15 көлік зақымдалып, бір адам ми жарақатын алды. Ол жедел жәрдем көлігімен Макинск қаласына эвакуацияланды.
Оқиға орнына зардап шеккендерді жылыту үшін экипаж жіберілді. Құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Бұған дейін Астана-Петропавл тасжолында 16 көлік қақтығысып, бір адам қаза тапқан болатын.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”