Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қонағы: Астаналықтар Исекешевтің сөзіне мән де бермейді екен (фото)

Астана халқы Жаңа жыл мерекесін бастап кетті. Ойын-сауық орталықтары мен халық көп жиналатын орындарда  жасалған шырша мен арба сүйреген бұғының қасында суретке түсіп жүргендердің қарасы көп,-деп жазды өңірдегі Stan.kz  тілшісі.

Қаланың қақ ортасында орналасқан Қазақстан темір жолы кеңсесі ғимаратпен бой теңестірген шырша құрып, жасап та қойған. Бір шақырым жерден көрінетін құттықтау жазбасы да бар.

Астанаға Көкшетаудан келген   Қалымбек аға бұл ретте әкімнің сөзіне құлақ аспаған  кәсіпкерлерге өкпелі.

“Әрине Тәуелсіздік мерекесі бірінші тойлану керек. Әкімнің сөзіне қосыламын. Бірақ астаналықтар Исекешевті неге тыңдамай отырғанына таңмын. Тәуелсіздік меркекесі бәрінен де маңызды, бәрінен де ұлы мейрам”,-дейді  көкшетаулық Қалымбек ақсақал.

Жаңаөзен қаласынан келіп, Астананы аралап жүрген Балқия ана да қаланың еш жерінен Тәуелсіздікпен халықтты құттықтаған жазба көрмегеніне өкпелі.

Бізде қазақы орта болғандықтан ба мына Жаңа жыл мерекесіне ондай көңіл аудармаймыз. Наурызды 14-інен бастап бір ай атап өтеміз. Мына шырша орыстардың мерекесі ғой. Қаланы аралап жүріп, Жаңа жылдық дайындықты көп байқадым. Өкініштісі Тәуелсіздік күнімен құттықтаған бір жазба көрмедім. Әрине бірінші 16-шы желтоқсанды бір ай бұрын тойлап, ұлықтап бастасақ та жарасады”,-дейді Балқия ана.

Төрт баласын Астанаға таныстырып жүрген  айнұр ханым Қызылордадан келіпті. Ол шыршаның ертерек құрылғанына бір жағынан қуанышты болып тұрғанын да жасырмады.

Балалар бірден осы шыршаның қасына келіп, ойыншықтарын ұстап жатыр. Барлық мереке жақсы ғой. Сондықтан еш қарсылығым жоқ. Шыржаға, Жаңа жылдық безендірулерге қарағанда адамның көңілі көтеріліп, жағымды көңіл күйде болады”,-дейді Айнұр ханым.

Бұл дәмхана терезесіне салынған шыршаның суреті. Ішінде шырша құрылып, құттықтау сөздері де жазылған

Мұнда сауда үйінің бірінші қабатына мақта мен матадан қар салынып,бұғылар мен мұздар бейнеленген.

Естеріңізде болса, кеше ғана Астана әкімі Әсет Исекешев Жаңа жылдық безендірулер  желтоқсанның 18-інен бастап қолға алынады деген болатын. Бұл талапқа жекелеген кәсіпкерлер де бағынуға міндетті. Бірақ, көріп тұрғандарыңыздай мереке басталып кеткен.

Қала әкімінің айтуынша Тәуелсіздік күніне орай безендіру жұмыстары осы айдың 12-сі күннен бастап қолға алынады екен. Оның алдында 1 Желтоқсан Тұңғыш президент күні де бар.

Оқи отырыңыз:

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бибігүл, тоқта! Қазір тоқтамасаң, ертең кеш болады": Заңгер тележүргізуші Бибігүл Дәулетбектің қандай арсыз әрекетке барғанын айтты

Айгүл Орынбек: Мүгедек балалардың несібесін жеу бұл барып тұрған сұмпайылық

Ешкім күтпеген еді: 22 жастағы қазақ жігіті төрт дүркін әлем чемпионын ойсырата жеңді (видео)

Бекзат Нұрдәулетов кубалық қарсыласының тіссауытын қағып түсірді

"Аяқ-қолы сау еркек отбасын өзі асырауы керек": Елорда әкімі көпірден секірмек болған жігіт жайлы

Көлгінов: Ер азамат деген аты бар, отбасына жауапкершілікпен қарау керек

"Айқайлап, көпірден секіріп үй алам деп ойламаңыздар": Елорда әкімі көпбалалы аналардың баспана мәселесі жайлы

Көлгінов: Бұл заңсыз, этикаға да жатпайды

"Тамағыңнан бауыздаймын, тыныштық бермеймін": Қазақстандықтарға хабарласып код сұрайтын алаяқтар қорқытуға көшкен

Тұрғындар алаяқтардың гипноздап тастайтындай жағдайға жеткізетінін айтты

Табысы жылына 3 млрд долларға дейін: Ел байлығының тең жартысы 162-ақ адамның қолында

2019 жылғы Forbes рейтингі бойынша, байлығы жөнінде бірінші орында Владимир Ким тұр

Әнші бұрын қандай еді, кейін қалай өзгерді: Жанар Хамитованың өмірі (видео)

Әншінің өміріндегі жарқын мезеттерге шолу

Алматы облысында полиция басшысы балағаттаған аудио үшін қызметінен кетті

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Марат Кұштыбаев қызметінен босатылды

Бокстан әлем чемпионатынан тағы да шеттетілді: Левит экваторлық спортшыдан жеңілді

Бұл әлем чемпионаты - Левиттің мансабындағы үшінші чемпионат

Қайрат Нұртастың әйелі қыз ұзатып, неке қиюды қолға алды

Желі қолданушысы: Еріккеннің бәрі қыз ұзататын болған ба?
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр