Шымкенттік келіншек өзін бұрынғы әкімнің зорлағанын айтып мәлімдеме жасады

Сейсенбі, 21 Қараша , 2017 21:57

Зорлықтан қорлыққа ұласқан өмір. 27 жасар Әлия Байділдаева осыдан 10 жыл бұрын Шымкенттің экс-әкімі Өмірзақ Әметұлының өзін зорлағанын айтады, деп хабарлайды КТК.

Сол кезде әлі кәмелетке толмаған бойжеткен одан жүкті болып, атқамінер Әлияны тоқалы еткен. Бүгінге дейін Өмірзақтан екі қызды дүниеге әкелген. Күйеуінің көңілдесі барын білген бәйбіше соңғы үш жылдан бері күн көрсетпейтін көрінеді. Айтуынша, жалған жала жауып, қорқытып, тіптен адамдар жіберіп ұрғызған да екен.

Бүгінде ірі кәсіпкер Өмірзақ Әметұлының ертең мұрасына таласар деген күдікпен балаларынан бас тартып, жетімдер үйіне өткізуін талап етіп отыр екен. Шарасыз ана Алматыдағы зорлық-зомбылықтан зәбір көргендердің орталығына Шымкенттен бас сауғалап қашып келген.

“Қолымен істегенді мойнымен көтерсін. 17 жастағы  қызды зорлауды біледі, тудыруды біледі, ал жауапкершілік ше? Балаларыма тыныштық берсін, менің психикам бітті”, – дейді ол.

Жылаудан көзі ісіп, жанайқайын айтудан тамағы қарлыққан Әлия Байділдаева өткен өмірін еске алса, құдды қорқынышты түстей. Он жетіде бір гүлі ашылмаған шағында қарызға батқан анасы туған қызын сол кездегі Шымкенттің әкімі Өмірзақ Әметұлының үйіне бала күтуші етіп жіберіп, қойнына салған екен.

“Анам менен құтылғысы келді. Ал Әметұлына жас қыз керек болды, таза қыз керек болды. Бірге солай келісім жасасқан.  Менің не жазығым бар?  Зорланып отырмын, туып отырмын. Екі жыл жатақханада қинап отырды инемен, пышақпен. Полиция, сот, прокуратура бәрі біледі. Бірақ, заң жоқ, болды заң жоқ”, – дейді Әлия Байділдаева.

Шарасыздықтан шырылдаған Әлия екі баласын алып Шымкенттен Алматыдағы күйзеліс орталығына қашып келді. Үрейден денелері әлі күнге діріл қағады. Орталықта  тағдыр тауқіметін тартқан мұңдастарымен күн кешкеніне бір аптадан асты.

“Әбден үрейленген, қорқады. Үйде тұрғанда мен көп валерианка дәрі ішетін тұғынмын дейді. Қазір бізге келіп кішкене жақсы болды. Тіпті, дәрі ішуді қойдым деп отыр өзі”, – дейді «Arasha» баспанасының директоры Маргарита Өскембаева.

Әлияның айтуынша, кешегі әкім, бүгінгі кәсіпкер Өмірзақ Әметұлының әйелі соңғы үш жылдан бері қыр соңдарынан қалмай келеді. Мұрагерлікке таласпас үшін, балаларынан бас тартып, жетімдер үйіне өткізбейінше тынбаймын депті-мыс. Тіптен, қорқытып, қинауға дейін барған. Бірақ, ол туралы Ұлтабар Әлиева қандай да бір сұхбат беруден бас тартып, әңгімені шорт кесті.

“Мен ол кісіні білмеймін, білгім де келмейді. Хабарласпаңдар енді”, – деді Әметұлының әйелі Ұлтабар Әлиева.

“Бізді доп сияқты қудалай беруін қойсыншы. Ақшасы керегі жоқ, дүние керегі жоқ. Біз ешнәрсе сұрамаймыз. Осыны жеткізе алмай жатырмын мен. Ана мен баланың құқығын қорғауға көмектесіңіздер”, – дейді Әлия Байділдаева.

Әлияның үлкен қызы сал ауруына шалдыққан. Туғанынан орнынан тұрмайды. Екінші қызы анасының қамқоршысы. Екеуінің ертеңгі бақыты үшін Әлия бүгінгі тауқіметке төзуге де дайын.

«Араша» баспанасы әзірге Әлия Байділдаеваға пана. Мұнда жарты жылдан астам уақыт аралығында тұруға рұқсат берілген. Ал оған дейін жан тыныштығын тауып, басын даудан арашалап, екі қызымен қалыпты өмірге қайта келсем деген үлкен арманы бар.

Тағы да оқыңыз:

Қырғызстан БҰҰ мінберінде тұрып шекарадағы шиеленіске Қазақстанды айыптады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар