Астана – Қарағанды тасжолы көктайғаққа байланысты жабылды (видео)

Қауіпті ауа райы күрт нашарлап, жауын-шашынның салдарынан Қарағанды – Астана тасжолы көктайғақ болды. Жолаушылар автобусы көпірге шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысы полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар Қарағанды – Астана тасжолы уақытша жабылғанын мәлімдеді.
Патрульдік полиция қызметкерлерінің құрамы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Полиция қызметкерлері қауіпті учаскелерде кезекшілікте болып, жүргізушілерге көмек көрсетіп жатыр.
“Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан ауа райының қолайсыздығын ескеруді, мүмкіндігінше ұзақ сапарға шықпауды және жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырды”, – делінген хабарламада.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"