Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана–Қарағанды тас жолында киіктермен жол апаты болып, 2 адам жарақат алды

Фото: Видеодан скрин

17 мамыр күні сағат 03:30 шамасында Астана – Қарағанды автожолының бойында, Ошаганды ауылы маңында ерекше және алаңдататын жағдай тіркелді. “Лада Приора” маркалы жеңіл автокөлік түнгі уақытта кенеттен жолға шығып кеткен киіктер табынына соғылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, 23 жастағы жүргізуші апатты болдырмауға үлгермей қалған. Көлік қатты зақымданып, қалпына келмейтін жағдайда. Жүргізуші шошып қалған, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Ал көлікте болған 20 жастағы жолаушы қыз түрлі жеңіл жарақат алған.

Оқиға салдарынан бірнеше киік мерт болды. Бұл жағдай жабайы жануарлар жолға шығуы мүмкін аймақтарда абай болу қажет екенін тағы бір мәрте еске салады.

Аталған факт полицияда тіркеліп, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін ветеринариялық инспекцияға жолданды.

"Жануарлармен болған жол апатының себептері мен жағдайларын жою мақсатында "ҚазАвтоЖол" АҚ-ға ұсыныс енгізілді. Онда жабайы жануарлардың жолға шығуы мүмкін екенін ескертетін арнайы жол белгілер орнату және олардың жолға шығуына тосқауыл болатын физикалық қоршаулар қою ұсынылған", – делінген Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарламасында.


Қостанайда үш мұғалім қаза тапқан жол апаты: Жүк көлігінің жүргізушісі кінәсін мойындады


Көлік автобус пен жүк пойызының арасында қысылып қалған: Таразда жантүршігерлік жол апаты болды


Еске салайық, бұған дейін қазақстандық жүргізуші тас жолда зақымданған көлігі үшін "Қазавтожолды" сотқа беретінін жазған едік. Ермек Кәрібаев автобанда қатты келе жатып, тежеуішті басып үлгермеген. Айтуынша, бағана дұрыс бекітілмегендіктен, жолға құлаған. Ақылы жолдың қауіпсіздігіне "Қазавтожол" ұлттық компаниясы жауапты. Сондықтан Қарағанды тұрғыны адвокат жалдап сотқа жүгінбек. 

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 19 Мамыр, 2025 09:45
Талқылау