Астана қаласының мәдениет басқармасында 8 млрд теңге көлемінде заң бұзушылықтар анықталды
Астана қаласында мәдениет саласында 8 миллиард теңге көлемінде заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: istockphoto.com
2025 жылғы 20 наурызда Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтті. Онда қаланың мәдениет басқармасына және оның ведомстволық ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану нәтижелері талқыланды. Аудит барысында 8 млрд теңге көлемінде заң бұзушылықтар анықталды.
Аудиторлар мәдениет басқармасындағы негізгі мәселелердің бірі ретінде бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштері, 2022-2023 жылдарға арналған Астана қаласының даму жоспары, мәдени саясат тұжырымдамасы мен креативті индустрияны дамыту стратегиясы арасындағы өзара байланыстың жоқтығын атап өтті.
Аудит мәдени-көпшілік іс-шараларға бөлінетін бюджет қаражатын жоспарлау және бөлу процесінде ашықтықтың жоқтығын да анықтады.
Аудит барысында төмендегі заң бұзушылықтар анықталған:
- 7,6 миллиард теңге көлемінде субсидия бюджеттік заңнамаға қайшы бөлінген. Субсидиялар "Мәдени іс-шараларды өткізу дирекциясы" ШЖҚ РМК-ға бөлінген, алайда бұл мекеме субсидиялау критерийлеріне сәйкес келмейді;
- 460,7 миллион теңге көлеміндегі субсидия дұрыс есептелмеу салдарынан артық төленген;
- 275,2 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын тиімсіз жоспарланған;
- Бюджет өтінімдеріне енгізілген 85 миллион теңгенің іс-шаралары кейін басқа іс-шараларға ауыстырылған;
- Жоспарланған сатып алулардың орындалмауы – 368 миллион теңгеге негізгі құралдарды сатып алу не жүргізілмеген, не жоспарланған активтердің орнына басқа заттар алынған;
- 36,3 миллион теңгеге негізсіз коммерциялық ұсыныстар – бұл шығындардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмеген;
- 12,1 миллион теңге көлемінде мақсатсыз трансферттерді пайдалану – 2022 жылы жалақыны арттыруға бағытталған;
- 915 миллион теңге көлемінде еңбекақы төлеу және штаттық құрылымды қалыптастыру бойынша артық төлемдер;
- 337,2 миллион теңге көлемінде активтерді тиімсіз пайдалану;
- 8,3 миллион теңгеге активтер мен ресурстарды дұрыс пайдаланбау;
- Әкімшіліктің гастрольдік сапарларына 3,9 миллион теңге көлемінде шығындар;
Аудит нәтижесі бойынша барлығы 171 заң бұзушылық және 20 жүйелі кемшілік анықталды. 20 факті бойынша материалдар тиісті органдарға қосымша тексеруге жіберілді.