Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана инновациялық шаһарға айналуы тиіс - Тоқаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы инновациялық шаһарға айналуы тиіс деп есептейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

астана

"Елордамыз дамудың жаңа үлгісіне көшуге тиіс. Астана инновациялық шаһар болуы қажет. Әлемде қаланы басқарудың жаңа цифрлық тәсілдері қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Біз де бұған баса назар аударуымыз керек", - деді Тоқаев сейсенбі күні Астананы дамытуға арналған кеңес отырысында.

Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 компаниясының басшыларымен арнайы кездескенін атап өткен.

"Бұл компания жасанды интеллектіні дамыту ісінде көш бастап отыр. Олар "ақылды қала" жобасы аясында осы саладағы озық тәжірибесін бізге ұсынуға дайын. Әкімдікке Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, бұл жұмысты дереу қолға алуды тапсырамын. Жалпы, ІТ-бизнес өкілдерін және осы саладағы білікті мамандарды тарту қажет. Сол арқылы бас қаламыз аймақтың "Digital nomads" орталығына айналмақ", - деді президент.



Тоқаев Астананы жасампаз, жайлы және таза қала қағидасына сәйкес дамыту қажет екенін баса айтады. Ол бұл үшін әлемдегі барлық озық тәжірибені тиімді пайдалануымыз керек, деп санайды.

"Жалпы, Астананың қазіргі ауыр жағдайын тез арада өзгерту маңызды. Елорданы жаңғырту қажет. Осы мақсатпен қаланың даму стратегиясын қайта қараған жөн. Құжатта қаланы кешенді түрде дамытудың негізгі бағыт-бағдары айқын көрсетілуге тиіс. Әкімдікке арнайы қоғамдық тыңдау өткізіп, қаланың жаңа Бас жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Сосын Үкімет оны жыл соңына дейін мақұлдауы керек. Президент Әкімшілігі жұмыстың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауға алады. Сіздерден нақты нәтиже күтемін", - деп атап өтті президент.

Талқылау