“Астана” футбол клубының ойыншылары мен бапкерлері бірнеше айдан бері жалақы ала алмай отыр

“Астана” футбол клубының ойыншылары мен бапкерлері бірінеше айдан бері жалақы ала алмай жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Asnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Елордалық клуб қаржылық қиындықтарға тап болып отыр – олар инвесторлар іздеп жатыр, ал кейбір кеңсе қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшті.
Негізгі құрам желтоқсан айында жаңа маусымға дайындық ретінде алғашқы оқу-жаттығу жиынына жиналмақ.
Айта кетерлігі, бұл – “Астана” клубына қатысты шыққан алғашқы дау емес. Бұған дейін де командада “бес айлық жалақы қарызы бар” деген ақпарат тараған. Бірақ сол кезде клуб басшылығы бұл деректі жоққа шығарған еді. Кейінірек қаржылық қиындықтардың барын мойындап, мәселені жақын арада шешуге уәде берген.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

