Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсетуді уақытша тоқтатты

Фото: официальный сайт “Астана” БК 

"Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасында келесі маусымда ойнауды уақытша тоқтататынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Себебі — Қазақстандағы легионерлерді тартуға қатысты заңнамалық өзгерістер. Клуб бұл шешімнің уақытша екенін, ішкі қайта құрылымдауға және қаржылық үлгіні қайта қарауға қажеттілік туғанын хабарлады.

"Астананың" кетуімен келесі маусымда Лигада 11 команда қалады және олардың барлығы Ресейден болмақ. Осылайша, турнир халықаралық мәртебесінен түпкілікті айырылып отыр. Бұған дейін, спорттық себептерге байланысты, Лигадан "Минск" командасы кеткен болатын. Айта кетейік, олар маусымды небәрі бір жеңіспен аяқтады.

Лига президенті Сергей Кущенконың айтуынша, турнир форматы, үлкен өзгерістер болмаса, сақталады. Жаңа командалардың өтінімдері қарастырылып жатыр. Бірақ шетелдік клубтардың қайтып келуі немесе құрамның кеңеюі жақын арада күтілмейді.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 16 Мамыр, 2025 18:02
Талқылау