Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Астана банкі» клиенттеріне алаяқтар туралы ескерту жасады

«Астана банкі» өз клиенттеріне ақша шығару қызметі түріндегі алаяқтық жағдайы жиілеп кеткені туралы ескерту жасады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Астана банкі» клиенттеріне алаяқтар туралы ескерту жасады

Сурет: Tengrinews.kz

Банк клиенттерінен сақтық танытып, алданып қалмауын және мұндай жағдайда бірден банкке хабарлауын сұрады.

«Сіздерге алаяқтық жағдайы жиілеп кеткенін мәлімдейміз. Алаяқтар ақшаны шығару қызметі түрінде қолданушының картасы туралы барлық мәліметте сұрайды. Оның ішінде картаның нөмірі, қолданылу мерзімі, және CVV-коды бар», – делінеді банк хабарламасында.

Сондай-ақ, банктің баспасөз қызметі барлық сенімді ақпаратты  банктің ұжымдық сайтынан, әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары мен байланыс орталықтарынан алуға болатынын атап өтті.

Оқи отырыңыз:

Семейде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар мемлекеттен алатын өтемақының 12 пайызын қайтаруға наразы болып отыр

Өскемендік студент қыз Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесті

Қостанай облысында бір топ ер адам зорлап тастаған қыз жүкті болып қалды

6 жасында қос қолынан айырылған тараздық азамат аяқ астынан баспаналы болды (видео)

Талқылау