Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әуежайында алдағы екі аптада ұшу жолағы екі рет жабылады

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы алдағы екі аптада екі рет жабылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ұшақ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес Астана халықаралық әуежайының қызметкерлері ұшу-қону жолағын резеңке қалдығынан тазартады. Жұмыстар азаматтық авиациядағы әуеайлақты қамтамасыз ету қағидалары шеңберінде орындалатын болады.

Ережеге сәйкес, әуеайлақ қызметінің мамандары жылына екі рет ұшу-қону жолағындағы резеңке қалдықтарын алып тастауға міндетті. Мұндай жұмыстарды орындау ұшу-қону жолағын кем дегенде 4 сағатқа жабуды талап етеді.

Сонымен қатар тазарту жұмыстарын жүргізу үшін ұшу-қону ең аз орындалатын күндер алдын-ала анықталды. Бұл – 31 мамыр мен 7 маусым күндері сағат 13:20-дан 17:20-ға дейінгі уақыт.

Талқылау