Астана әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 рейсті тоқтатты
Астана халықаралық әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 рейс тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әуежай басшылығы ұшу-қону жолағындағы күрделі метеорологиялық жағдайды атап өтті. Соған сәйкес мына бағыттағы рейстерді тоқтатылған:
- LH 646 Астана-Франкфурт
- KC 7319 Астана-Қызылорда
- KC 956 Астана-Алматы
- KC 992 Астана-Алматы
- TK 355 Астана-Стамбул
- IQ 407 Астана-Шымкент
- KC 345 Астана-Өскемен
- 5W 788 Астана-Абу-Даби
- KC 762 Астана-Алматы
31 желтоқсанда Астана халықаралық әуежайында барлығы 112 рейс жоспарланған.
Метерологтар елордадағы ауа райының қолайсыздығын хабарлаған болатын.
Еске салсақ 31 желтоқсан күні шаһарда ауаның ластану деңгейі жоғарылайтыны да ескертілді.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ