Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ашуға мінген ер адам 13-қабаттан шкафты лақтырып жіберді

Астанада отбасылық жанжалдың нәтижесінде ер адам 13 қабатта орналасқан пәтерінің балконынан кітап сөресін лақтырып жіберген.

7474

Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана ІІД жедел басқару орталығына наурыз айының аяғында түнгі 24:00 шамасында қала тұрғыны хабарласады. Ол Сейфуллин көшесіндегі №8 үйде тұратын ер адамның әрекетіне қатысты шағым білдірген. Ер адам түнгі уақытта шкафты терезеден төмен қарай лақтырып жіберіпті.

“Сарыарқа” аудандық жергілікті полиция басқармасы қызметкерлері жүргізген пәтерді тінту кезінде шкафты 41 жастағы ер адамның лақтырғанын анықтаған. Бұл отбасылық жанжалдың кесірінен туындапты. Бақытқа қарай, ешкім зардап шекпеген.

“Азамат С.-ның әрекетіне байланысты ҚР әкімшілік кодексінің “кішігірім бұзақылық” бабы бойынша хаттама толтырылып, Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық соты 10 АЕК (22 690 теңге) көлемінде айыппұл салды”, – деп хабарлады полиция.

Оқи отырыңыз:

Алматыда балалар үйінің басшылары тәрбиеленушілеріне діни ағым туралы фильм көрсетіп, уағыз айтады

Үндістанға қыдырып барған қарағандылық жігіт жадынан айырылып қалды

Шымкенттік өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден балаларды құтқарып шықты

Шыңғыс ханның моласын “тапқандар” Назарбаевтың рұқсатын күтіп отыр

Талқылау