Астана-Ақтау бағытындағы ұшақта бортсерікті соққыға жыққан ер адам ұсталды

Видеодан скрин
Астана-Ақтау бағытындағы рейстің бортсерігін бетінен ұрған ер адам ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтау әуежайындағы желілік полиция бөлімі берген мәліметке сәйкес, бортсерікті соққыға жыққан азамат ұсталды.
"Көзі қызарып тұр деп бортқа мінгізбеген": Желіде қыз Air Astana әуекомпаниясына шағымданды (видео)
"Құқық бұзушы ұсталды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша қақтығысқа қатысқан барлық тарапқа құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады полиция департаменті.
Еске салсақ, осыған дейін Scat әуе компаниясының Астана-Ақтау бағытындағы рейсі кезінде жолаушы бортсерікті соққыға жыққанын жазғанбыз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі