Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімдігі Жаңа жылда зейнеткерлерге сыйлық тарату туралы ақпаратты жоққа шығарды

Астана әкімдігі Жаңа жыл қарсаңында зейнеткерлерге тегін сыйлық тарату туралы ақпаратты жоққа шығарды.

9aHGWi0Ln0AZqf313wCbPZIklENk23

Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарының назарына. Соңғы уақытта Whats Аpp мессенджері арқылы және әлеуметтік желілердің парақшаларында зейнеткерлерге Жаңа жылға орай тегін сыйлықтар берілетіні туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарату жиілеп кетті, – деп жазады Astana.gov.kz.

Астана қаласының әкімдігі аталған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарады, өйткені елорда әкімдігінің аппараты зейнеткерлерге сыйлықтарды тегін тарату бойынша шаралар өткізуді қарастырып отырған жоқ. Сондай-ақ, жалған ақпаратты қасақана таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Елорда тұрғындары мен қонақтарын ресми дереккөздер таратқан шынайы ақпаратқа ғана сүйенуге шақырамыз.

Сонымен қатар, 1-31 желтоқсан аралығында елордада «Астана – мейірімді қала» жалпықалалық қайырымдылық акциясы өткізіліп жатқанын хабарлаймыз. Оның мақсаты – ҰОС ардагерлері, барлық топтарға жататын мүмкіндігі шектеулі адамдар, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар, онкологиялық ауруларға, сал ауруына, туберкулезге шалдыққан балалар сияқты азаматтардың жеңілдікті топтарына қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлу. Қала әкімінің бастамасымен 8 (7172) 55- 66- 55 көпарналы жедел желі іске қосылды, ол бойынша хабарласып атаулы көмек көрсетуге болады. Саll-орталықтың қоңырауларды қабылдау уақыты: сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күні 11:00-ден 16:00-ге дейін.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев Ресейде жыл адамы атағын иеленді

Қазақстанда елшілердің жұбайлары мұқтаж жандарға 36 млн теңге ақша жинады

Петропавлда ауру балаға жиналып жатқан ақшаны жәшігімен қымқырған ұры ұсталды

17 жыл құлдықта болған Теміртау тұрғыны құжатын ала алмай жүр

Талқылау