Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі халықты қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз ететінін айтты

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Астананы дамыту мәселелері жөніндегі отырыста елорда әкімі Әсет Исекешев алдағы жылдары тұрғын үй бағдарламалары қалай іске асырылатынын баяндады.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Әкімі 2017 жылы Астанада рекордтық көлемдегі 2 миллион 360 мың шаршы метр тұрғын үй салынғанын айтты. Бұл республикада салынған баспананың 25 пайызы екен.

“Астананың ескі бөлігін қайта жаңғырту бағдарламасы іске асырылады. Бұл жерде қосымша 17 миллион шаршы метрден астам үй салуға мүмкіндік бар. Сіздің тапсырмаңыз бойынша физикалық және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысын ескере отырып, үкіметпен бірге қаланы дамытудың бес жылдық бағдарламасын әзірлейміз”, — деп баяндады Исекешев мемлекет басшысына.

Әкімнің айтуынша, 7-20-25″ бағдарламасы көптеген тұрғынға баспана алуға қосымша мүмкіндік береді.

“”Нұрлы жер” бағдарламасының, сондай-ақ бес әлеуметтік бастама аясында біз қазір өңірлік қолжетімді тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатырмыз”, — деді әкім.

Тағы оқыңыз:

Ермек Тұрсыновтың фильмінде басты рөлді сомдаған балаға шұғыл көмек қажет

Қайтыс болғаннан кейін трансплантациялау үшін ағзаларды қалай беруге болады

Бір көзінен айырылған Римманың анасы қазақстандықтардан көмек сұрады

Талқылау