Аслан Мусин қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен Аслан Мусин қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
“Мемлекет басшысының жарлығымен Аслан Мусин зейнет жасына жетуіне байланысты Қазақстан Республикасының Хорватиядағы, Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды,” – делінген хабарламада.
Аслан Мусин 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстан президенті әкімшілігін де басқарған болатын.
Ол әр жылдары Ақтөбе, Атырау облысының әкімі, экономика және бюджетті жоспарлау министрі, мәжіліс спикері қызметтерін атқарды.
Елшілік қызметті 2014 жылдан бері атқарып келген.
Оқи отырыңыз:
Назарбаев Бишімбаев пен Ыдырысовты отставкаға жіберді
Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы ұсталды
Нұрсұлтан Назарбаев үш мектеп оқушысының тілегін орындады
Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты