Әскери нысандардан аулақ болу керек: Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Фото: Ru.freepik.com
Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуалдың күрт күрделенуіне байланысты Қазақстан азаматтарына Таяу Шығыс елдеріне бұрын жоспарланған барлық сапарларды қайта қарауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір жағдай мен ықтимал тәуекелдерге жан-жақты баға беріліп, құзыретті мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестермен үйлестірілген жұмыс жүргізіліп жатыр.
Таяу Шығыс өңірінің бірқатар елдерінде әуе кеңістігін пайдалануға уақытша шектеулер енгізілді. Яғни, халықаралық рейстер тоқтатылып, кейінге шегерілді.
Осыған байланысты сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінде, әсіресе Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктерінде жүрген Қазақстан азаматтарына келесі сақтық шараларын ұстануды ұсынады:
- Сабыр сақтап, жергілікті билік органдары белгілеген қауіпсіздік шараларын қатаң орындау;
- Адамдар көп жиналатын іс-шараларға қатысудан және әскери нысандардан аулақ болу;
- Қабылдаушы елдердің ресми органдары мен Қазақстан өкілдіктері таратқан ақпаратты мұқият бақылау;
- Брондалған рейстердің статусын және елден шығу бағыттарын тұрақты түрде нақтылап отыру;
- Төменде көрсетілген жедел байланыс арналары арқылы Қазақстан Республикасының елшіліктерімен тікелей байланыста болу.
- Қазақстанның Қатардағы елшілігі:
+97450649955
+97470910579
k[email protected]
d[email protected]
- Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі (Әбу Даби қ.):
+97124498778
+971503629805
ab[email protected]
- Қазақстанның Дубайдағы бас консулдығы:
+971556103341
+971505701978
dub[email protected]
- ҚР Сыртқы істер министрлігі:
+7 (7172) 72 05 00
Таяу Шығыс елдеріндегі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің барлық дипломатиялық өкілдіктері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ жағдайдың дамуын үнемі бақылауда ұстап, Қазақстан азаматтарына қажет консулдық-құқықтық көмекті тәулік бойы көрсетуді жалғастырып жатыр.
Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға әуе рейстері кез келген уақытта тоқтап қалуы мүмкін екенін айтып ескерту жасаған еді.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
